Жаңалықтар

АППАРАТТЫҚ ЖИЫН

АППАРАТТЫҚ ЖИЫН

«Өңірдегі Наурыз мейрамының өту барысы» және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы». Аталған мәселелер бүгін аймақ басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен өткен аппаратық жиында күн тәртібіне шығарылды.

Аппарат жиналысы облыстағы кадрлық өзгерістерді таныстырумен басталды Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Ербол Құсайынов тағайындалды. Ол бұған дейін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Өңірде Наурыз мейрамы – 14 ші Наурызда облыс орталығында Көрісу күніне арналған шарамен бастауын алды. Содан бері Наурызнама онкүндігі аясында қала-аудандарда арнайы бекітілген жоспар шеңберінде мерекенің мән мағынасын ашатын іс шаралар ұйымдастырылуда... Облыста жалпы саны 400 дей мерекелік бағдарлама жоспарланған. 22 ші наурызда қалалар мен аудандарда 100 ден аса киіз үй тігіледі. Ал, Өңірдің басты мерекелік шарасы – Жезқазғандағы Алаш алаңында өтеді.

Наурызнама онкүндігінің соңғы күні 23 ші наурыз – «тазарту күні». Осы күнмен дәстүрлі «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылады. Сәуір айынан бастап облыстық сенбіліктер басталады... Бұл жөнінде облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы баяндады.

Өткен жылы өңірде 27 мыңнан астам көшет отырғызылған. Аймақты көгалдандыру бағытындағы жобалар да жалғасын таппақ. Аймақ басшысы аталған бағыттағы жұмыстар бойынша салаға жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты