АППАРАТТЫҚ ЖИЫН

«2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары» және «2025 жылғы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қорытындылары мен алдағы жоспары». Аталған мәселелер бүгін аймақ басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен өткен аппаратық жиында күн тәртібіне шығарылды.
Бүгінгі таңда облыстық, қала және аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен барлығы 82 млрд. 600 млн. теңге сомасына жылдық жоспар бекітілген. Аталған қаржы көлемі өткен 2025 жылғы жоспармен салыстырғанда 38 пайызға жоғары. Бұл жөнінде мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алмат Айтенов кеңінен баяндады...
-(Оның ішінде - Ұлытау облысының бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің ақпаратына сәйкес облыстың мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы арқылы барлығы 38,7 млрд. теңге сомасына 82 конкурс жоспарланған. Оның ішінде бүгінгі күнде 7,4 млрд. теңге сомасына 10 конкурс қортындысы шығарылды. 6,7 млрд. теңге сомасына 23 конкурс жарияланып, өтінімдерді қабылдау сатысында).
Өңір басшысы аталған бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да сапалы орындауды тапсырды...
Ал, аймақта жергілікті атқарушы органдары арқылы 2025 жылы 2 жарым млннан аса қызмет көрсетілген. Оның 81 пайызы, яғни 2 млн нан астамы электронды түрде берілген. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметтер тізіміне енгізілген 1330 қызметтің 98 пайызы автоматтандырылып, электронды форматта ұсынылуда.
Аппараттық жиында көтерілген мәселелер – аймақ басшысының тікелей қадағалауында болмақ...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


