Жаңалықтар

АППАРАТТЫҚ ЖИЫН

АППАРАТТЫҚ ЖИЫН

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Дастан Рыспековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Онда Күн тәртібіне 2 сұрақ шығарылды.

Алдымен кеңесте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Облыста өсімдік шаруашылығымен 50-ге жуық шаруа қожалығы айналысады, биыл 30 мың гектар жерге егін егу жоспарланған. Оның ішінде бидай, арпа, мал азығы, көкөніс және картоп дақылдары бар. Қазіргі таңда көктемгі егіс жұмыстары басталып кеткен, суармалы жер көлемі 1264 гектарды құрайды. Дала жұмыстарына 2,8 мың тонна тұқым дайындалып, сапасы зертханалық тексерістен өтуде. Сонымен қатар 349 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы толық дайын. Шаруаларға 141 миллион теңге субсидия қарастырылып, «Кең дала-2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген қаржыландыру жалғасуда. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және ескі техникаларды есептен шығару мәселесі де басты назарда.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе мүгедектігі бар адамдарға нысандардың бейімделуі. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар нысандар «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» енгізілген. 2026 жылға жоспар бойынша 181 нысанның 80 пайызы бейімделуі тиіс.Бүгінгі күнге дейін олардың 126-сы бейімделіп, бұл 69,6 пайызды құрап отыр. Салалар бойынша алғанда, білім беру саласында 31 нысан, денсаулық сақтау саласында 27, мәдениет саласында 12, спорт саласында 1, ал мемлекеттік мекемелер бағытында 55 нысан бейімделген.

Аймақ басшысы аталған бағыттағы жұмыстар бойынша салаға жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты