АҚ ҰЛПАМЕН АРПАЛЫС

Кешеден бері толассыз жауған қалың қар қаланы да, даланы да әжептәуір әуреге салып жатыр. Қала көшелерін ақ ұлпадан аршу, жаяу жүргіншілердің жолағын тазалау үзіліссіз жүргізілуде. Таңғы уақыттан бастап коммуналдық қызмет мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.Қозғалыс қауіпсіздігі толық бақылауға алынды.
Қала көшелерін қардан тазалау жұмыстарына барлығы 26 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.Коммуналдық қызмет мамандары алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік бағыттарының ашық болуына аса мән беруде.Сонымен қатар мектептерге, балабақшаларға және медициналық мекемелерге апаратын жолдарды тазалау басты назарға алынған.
Айта кетейік, қар тазалау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуі үшін жол жиегіндегі кедергі келтіретін көліктерді алып тастау қажеттігі ескертіледі. Бұл арнайы техниканың тиімді әрі кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескере отырып, жолда барынша мұқият болу ұсынылады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


