Жаңалықтар

АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

2026 жылдың 1 ші қаңтарында күшіне енген Жаңа Салық кодексіне сәйкес кәсіпкерлерге арналған арнаулы салық режимдерінің құрылымы жаңартылып, олардың саны 7 ден 3 ке қысқарталды. Атап айтар болсақ: Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалар үшін арнаулы салық режимі; Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі; және Шаруа, фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі. Бұл жүйелеу салық салу тәртібін қарапайым әрі түсінікті етуге, бұрынғы қайталанатын режимдерді біріктіруге бағытталған....

-( Егер бизнес өкілдері осы жылдың 28 ақпанына дейін осы режимдердің біреуін таңдамаса, яғни салық режимін таңдау үшін хабарлама жібермесе онда автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне (общеустановленый режимге) ауысып кетеді. Ал оның салық мөлшерлемесі тапқан табыстан 10%-дан 20-%-ға дейін.

Салық режиміне хабарламаны жіберу өте оңай. Е-салық бизнес мобильді қосымшасы арқылы, салық төлеушінің кабинеті арқылы немесе екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы (мысалы каспи) ұсынуға болады.

Бірақ айта кету керек егер Сіз бұдан алдын шаруа, фермер қожалықтары үшін режимін қолданған болсаңыз және сол режимде одан ары қалғыңыз келсе, онда Сізге ештеңе істеп керек емес, автоматты түрде сол режимге ауысасыз. Жалпы алғанда, арнаулы салық режимдерін оңтайландыру – бұл салық салу жүйесіндегі маңызды реформалардың бірі. Оның негізгі мақсаты – салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау, шағын және орта бизнестің дамуын қолдау және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету.)

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты