«АРҚА АРУЫ – 2026» СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Жаңаарқа ауданында - Ақмарал Әлтаева атындағы «Арқа аруы – 2026» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Ел Егемендігінің 35 жылдығына орай қолға алынған сұлулық сайысы биыл тұңғыш рет республикалық деңгейде өтті...
Жаңаарқа аудандық мәдени-сауық орталығында өткен байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қазақ қыздарының өнері мен білімін, терең танымын жан-жақты насихаттау. «Қазақтың Қыз Жібегі» атанған сұлулықтың эталоны Меруерт Өтекешова арйықша жобаның құрметті қонағы болды.
Байқауда еліміздің әр түкпірінен келген 20 ға жуық ару бақ сынап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, сахна мәдениетін және ұлттық өнерге деген құлшыныстарын көрсете білді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат Айтбаев пен Света Айтбаева, тележүргізуші Динара Сәтжан, ақын Қалқаман Сарин бастаған қазылар құрамына да оңайға соқпады.
Республикалық сайысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманжол Әлтай мен Қазыбек Әлішев және Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев арнайы қатысты.
Байқау қорытындысында Бас жүлдені Астана қаласының аруы Толғанай Наурызбай, ал, І орынды Қызылорда облысының өкілі Бағдат Бақыт иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйақылар табысталды.
Ұлттық рухты ұлықтап, Алаш аруының парасаты мен көркем болмысын дәріптеген жоба жыл сайын ауқымын кеңейте бермек...
Осылайша киелі Жаңаарқа даласы – тағы бір мәртебе асыл өнердің құтты мекеніне айналды. Сұлулық сайысы келер жылы да кең көлемде жалғасын таппақ...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


