АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», - деді. Аталған ретте жезқазғандық оқырман жастар кітапты оқып қана қоймай, оны әлеуметтік желі арқылы өзгелерге насихаттауды да жақсы үрдіске айналдырып келеді...
Әсел Жақсылық оқыған шығармасын желідегі достарымен бөлісуді әдетке айналдырған. Қала іргесіндегі Кеңгір ауылындағы орта мектептің биылғы түлегі - айына кемінде екі кітап оқимын дейді... Оқыған кітабының мазмұнын, шығармадан түйген ойы мен алған әсерін өзгелермен бөлісу үшін арнайы контент әзірлейді.
«(Мен осы кітап оқу арқылы кітап оқитын орта қалыптастырдым. Сол адамдарды тапқан сәттен бастап сол кісілермен жиналып кітаптарды талқылай бастадым. Одан бөлек алыста жүрген достарымның өзі әлеуметтік желіден маған тікелей шығып, «Әсел мен мынадай мынадай кітапты оқып едім, сен де соны оқып көрші, талқылайықшы» деген идеялар келді. + қанша жерден достарың көп болса да кітап оқитын, талқылайтын достардың болғаны өте күшті екен.)»
— Әсел Жақсылық, Кеңгір ауылының тұрғыны
Әселдің көркем әдебиетке қызығушылығы 7 ші сыныпта басталған. Алғашында оқыған кітабының мазмұнын анасына айтып беріп, кейін біртіндеп әлеуметтік желіге ауысқан. Осылайша ғаламтордың игілігін де оң мақсатта пайдалануда...
«(Біздің кітапханада «Мен оқыған бір кітап» жобасы бар. Сол жоба аясында осы оқырмандарымыз өздері оқыған кітаптарды насихаттап, сол кітаптан алған әсерлерімен бөліседі. Ол кітаптың өмірлеріне қалай әсер еткені жайында талқылап, айтып береді.)»
— Рабиға Төлеубаева, кітапханашы
Қалалық кітапханада 6 мыңнан аса кітап қоры бар. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында келушілер үшін ыңғайлы орта қалыптасқан.. Бүгінде руханият ордасына келушілер саны да артқан. Олардың басым бөлігі Әсел секілді кітапқұмар жастар.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


