АРУЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР!

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара – Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен де қолға алынды. Шаһар басшысы Қайрат Шайжанов - нәзік жандылар қауымына құрмет көрсетіп, олардың қала қоғамындағы еңбегі мен белсенділігін жоғары бағаланды.
Мерекелік кездесуге білім беру, медицина, өндіріс, кәсіпкерлік және әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген 30-дан астам әйел қатысты. Шара барысында қала әкімі халықаралық әйелдер күнімен арнайы құттықтап, әйелдердің отбасы мен қоғамдағы маңызды рөліне айрықша тоқталды.
Іс-шара аясында жезқазғандық 8 көпбалалы ана «Күміс алқа» медаліне ие болды. Бұл марапат олардың отбасы мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы!
Мерекелік көңіл-күйді шығармашылық ұжымдардың өнері одан әрі жандандырып, кештің шырайын кіргізді. Белгілі өнер майталманы Бауыржан Исаев әннен шашу шашты.
Мерекелік кездесу әйелдер қауымының қала қоғамындағы өзіндік орнын айшықтай түсті!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


