АРЫС МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ КӨРМЕ

Өңірге Оңтүстік өлкеден жеткен - «Қазақ жеріндегі ежелгі өркениет үлгісі – «Арыс мәдениеті!» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті...
Жылжымалы көрме - Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі мен «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығының бірлесе ұйымдастыруымен қолға алынған. Еліміздегі музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және әр өңірдің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мақсатын көздеген көрмеде - қасиетті Ордабасы жерінен табылған музей қорындағы 100-ге жуық жәдігер қойылған.
Көрменің ашылу салтанатына - мәдениет саласының өкілдері мен музей қызметкерлері, тарихшылар, археологтар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Айта кетейік, бұл – Ұлытауға жеткен алғашқы жылжымалы көрме емес... Аталған бағыттағы жобалар биыл жүйелі жалғасын тауып келеді.
Арыс мәдениетіне арналған көшпелі көрме – Жезқазғанда үш күн бойы аялдайды. Бірінші күні келушілер қатарында мектеп оқушылары да болды.
Мұқағали Сейтқазы, Медетхан Кенжалиев, «ҰЛЫТАУ» телеарнасы
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


