АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Облыс орталығында өткен айда ашылған «Отбасы институтын қолдау орталығында» Халықаралық отбасы күніне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.
«Отбасы институтын қолдау орталығында» қиын өмір жағдайына тап болған жанұяларға жан-жақты жәрдем көрсетіледі. Аталған мақсатта қолға алынған ашық есік күнінде 30 дан астам отбасыға түрлі бағытта қызмет көрсетілді...
Орталықта бүгінгі қоғамдағы отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында арнайы жүзесулер өтті. Кеңес пен қолдау мұқтаж жанұялар үшін мұнда барлық қажетті жағдайлар қарастырылғна. Мәселен, балаларымен келген ата-аналар – консультация кезінде баласын қалдыра алатын балалар бөлмесі де бар...
«(Қаламызда дәл осы бағытта көмек көрсететін орталықтың ашылғанына қуаныштымын. Себебі, отбасы құндылығы мәселесі – қай қоғамда болсын өзекті тақырып. Орталық мамандарына алғысымды айтқым келеді. Мұндай орталықтар, әсіресе, біз секілді жас отбасылар үшін маңызды деп білемін!)»
— Анастасия Черкова, қала тұрғыны
Айта кетейік, аталған мекемеден 111 нөміріне қоңырау шалу арқылы онлайн кеңес те алуға болады. Мамандар орталық жұмысы алдағы уақытта кеңейе түсетіндігін айтты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


