АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді түсіндіруге арналған ашық есік күні өтті. Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Кездесуге Департамент мамандары, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері және мектептер мен колледждердегі мемлекеттік қызметке жауапты мамандар қатысты.
Іс-шара барысында білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, мамандардан нақты жауап алды. Бұдан бөлек, қызметтерді электронды түрде рәсімдеу жолдары көрсетіліп, цифрлық сервистерді тиімді пайдалану жөнінде кеңес берілді.
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы - ата-аналар үшін де маңызды. Әсіресе құжаттарды электронды түрде тапсыру уақытты үнемдеп, қажетті қызметті үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша мұндай кездесулер азаматтардың мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратын арттырып қана қоймай, қызмет көрсетушілер мен халық арасындағы ашық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЛИХАН МҰХТАР«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


