Жаңалықтар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Жезқазғанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған - №12 жалпы білім беретін мектепте ашық есік күні өтті. Ауқымды шара барысында ата-аналар мен тұрғындар жаңа форматтағы білім ордасының ерекшеліктері және мол мүмкіндіктерімен танысты.

Заманауи талапқа сай бой көтерген оқу ордасы бүгінде сапалы білім мен қауіпсіз ортаны ұштастырған білім кеңістігі. Ашық есік күні аясында келушілерге - оқу кабинеттері, зертханалар мен шығармашылық алаңдардың жұмысы баян етілді. Атап айтар болсақ: физика, химия, биология зертханалары, STEM және робототехника кабинеттері, медиа студия мен ғарыш сыныбы таныстырылды.

«3968 / Биылғы оқу жылында біз 1 қыркүйектен бастап жұмыс жасап жатырмыз.Сол кезеңдегі біздің жеткен жетістіктеріміз және жасаған жұмыстарымызды таныстыру,сонымен қатар мүмкіндіктерді ата-аналар қауымына көрсету. Жалпы біздің келешек мектебіндегі оқушыларға жасалған үлкен жағдайлардың бірі ол біздегі зертханалар.Физика,химия,биология зертханалары бар,сонымен қатар шеберханалар да бар»

— Медет Сейтбек, №12 ЖББМ директоры

Білім ордасында оқушылардың жан-жақты дамуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Кең әрі қауіпсіз ғимарат заманауи технологиялармен жабдықталып, оқу үдерісі жаңа әдістермен жүргізіледі. Мұнда біліммен қатар шығармашылық бағытқа да басымдық берілген.

Ата-аналар қауымы балалары үшін жасалған мүмкіндіктерге ризашылықтарын білдірді.

Ашық есік күні іс шарасына Қатысушылар жаңа білім ордасының мүмкіндіктеріне оң бағасын берді. Айта кетейік, аталған білім ордасы қала іргесіндегі Қабанбай батыр шағын ауданында орналасқан.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты