ӘСКЕРИ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жергілікті әскери басқару органдары 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды жиынын ұйымдастырды. Онда аталған саладағы өзара іс-қимыл жоспарының орындалу нәтижелері талқыланды.
Жиынды Ұлытау облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Ержан Жұманов ашып, жүргізді. Отырысқа облыс әкімі аппаратының басшысы Кеңгірбай Смағұлов арнайы қатысты. 2025 жылы қорғаныс және жұмылдыру даярлығы саласында бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізіліп, мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастықтың арқасында қолға алынған жұмыстардың тиімділігі артқан.
Жиын барысында әскери-патриоттық тәрбие мәселелері де талқыланды. Өңірде бұл бағыттағы жұмысты жүйелеу мақсатында облыстық үйлестіру комиссиясы құрылған. Ал 2026 жылға бірқатар арнайы жобаларды іске асыру жоспарлануда. Солардың қатарында «Айбын» патриоттық жиынын өткізу көзделген. Бұдан бөлек, биыл шамамен 700-ге жуық жас мерзімді әскери қызметке аттанбақ.
Жиын соңында қорғаныс істері органдарының бірқатар қызметкерлері марапат биігіне көтерілді. Оларға өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, жаңа қазақстандық қоғамды қалыптастыруға қосқан үлесі үшін Ұлытау облысы әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


