Жаңалықтар

АУТИЗМДІ ЕРТЕ АНЫҚТАУ ТИІМДІ ОҢАЛТУДЫҢ КЕПІЛІ

АУТИЗМДІ ЕРТЕ АНЫҚТАУ  ТИІМДІ ОҢАЛТУДЫҢ КЕПІЛІ

Аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды қолдау орталығында семинар ұйымдастырылды. Іс-шара ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді көмек көрсету мәселелерін қамтыды. Оған сарапшылар, педагогтар, психологтар және дефектологтар қатысты. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу мақсатында еліміздің әр өңірінен келген мамандар жиналды.

Семинарда аутизм спектрі бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеудің өзекті бағыттары қаралды. Мамандар диагностиканы жетілдіру, балаларды жүйелі түрде сүйемелдеу және инклюзивті білім беру тетіктерін дамыту мәселелеріне тоқталды.

Ерекше балаларды ортадан оқшауламай, керісінше қоғамға бейімдеу - басты міндет дейді семинарға қатысушылар. Сол себепті аутизм спектрі бұзылыстары мен басқа да даму ерекшеліктерін мүмкіндігінше ерте анықтап, дер кезінде қолдау көрсету аса маңызды. Бұл балалардың болашақта оқуында, қоғамға бейімделуінде және жеке дағдыларын дамытуында шешуші рөл атқарады.

Айта кету керек, аутизм спектрі бұзылыстары бар балаларды қолдау орталығы 2025 жылғы 1 тамызда ашылған. Қысқа уақыт ішінде мекеме айтарлықтай нәтижелер көрсетіп отыр. Қазіргі таңда орталықта 37 бала көмек алып жатса, ал ашылған сәттен бері мұнда 82 балаға қолдау көрсетілген.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты