«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Ауыл партиясы Ұлытау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа: әділетті қоғам және жауапты азамат» тақырыбында қоғамдық-саяси кездесу өтті.Кездесуге республикадан арнайы келген қонақтар мен жергілікті кеңес мүшелері қатысып, Конституциялық комиссия ұсынған Жаңа Конституция жобасын қолдау және реформаның ел өміріндегі маңызын халыққа түсіндіру мәселелері талқыланды.
Жиын барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды. ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ тек заңдық құжат қана емес,халықтың әл-ауқатын көтеруге, азаматтардың құқын қорғауға, қауіпсіздігн қамтамасыз етуге тең мүмкіндіктер береді, дейді партия мүшелері.Сондай-ақ, реформаның маңыздылығы, партия ұстанымы және азаматтардың белсенділігі жайлы пікірлер ортаға салынды.
Сонымен қатар жиында «Ауыл» партиясының мүшелігіне қабылданған азаматтарға арнайы куәліктер табыс етілді.Бұл олардың партия жұмысына ресми түрде қатысуын растап, азматтық белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды бастама болып отыр.
«ТАН / Бүгін қасиетті жұма күні,ерекше сыйға бөленіп жатырмын.Яғни мен ҚР Ауыл партиясының құрамына ендім.Өзімнің жекеменшік партиялық билетіме ие болдым. Осыған орай өте қатты қобалжып тұрмын.Өйткені бұл үлкен жауапкершілік біріншіден.Енді мен халықтың алдында осы Ауыл партиясының идеологиясын,идеяларын,жалпы құндылығын қарапайым жұртқа түсіндіріп,партияның міндеттерін жалпы еліміз үшін,болашақ үшін осы халық қандай іс-шараларға қызығады,солардың негізі мақсаттарын түсіндіргім келеді»
— Дәулет Прлепесов, партия мүшесі
Партия өкілдері мұндай талқылаулар мен қоғаммен өзара байланысты арттыру жұмыстары алдағы уақытта жалғасатынын айтты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


