Жаңалықтар

АУЫЛ СПОРТЫНДА ҰЛЫТАУЛЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

АУЫЛ СПОРТЫНДА ҰЛЫТАУЛЫҚТАР ТОП ЖАРДЫ

Ұлытау ауданында «Ауыл спорт – 2026» облыстық турнирінде топ жарып, жүлделі орындарға ие болған жас спортшыларға құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков жеңімпаздарды қабылдап, жетістіктерімен құттықтады.

Жезқазған қаласында 21-24 қыркүйек аралығында өткен додаға ауылдық елді мекендерден келген жас спортшылар қатысты. Ұлытаулықтар да бірнеше спорт түрінен сынға түсіп, өз мүмкіндіктерін ортаға салды. Нәтижесінде баскетболдан қыздар мен ұлдар, волейболдан қыздар және футболдан ұлдар командалары І орынға ие болды.

Бүгінде ауданда спортқа қажетті жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасып келеді. Ал келер жылы Ұлытау ауылында жаңа стадионның құрылысын бастау жоспарланған. Жергілікті билік бұл нысанды жасөспірімдердің спорттық мүмкіндігін кеңейтетін маңызды жобалардың бірі ретінде қарастырып отыр.

Спорт мектебіндегі жүйелі дайындық жас футболшылардың тәжірибесін арттыруға мүмкіндік берді.Команданың бапкері шәкірттерінің бұған дейін де айтарлықтай нәтижелер көрсеткенін айтады.

Жас футболшылар үшін келесі сын - Астана қаласында өтетін республикалық кезең. Ал оған дейін жаттығу барысын күшейтіп, шеберліктерін шыңдауда.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты