Жаңалықтар

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлытаулық балуан Еламан Амангелді жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Вьетнамның Дананг қаласында өткен құрлық біріншілігінде 57 келі салмақта бақ сынаған спортшы финалға дейін жетіп, ел қоржынына күміс медаль салған енді. Осыған орай жас балуанға құрмет көрсетіліп, өңір басшылығы оның еңбегіне жоғары баға берді.

Облыс әкімдігінде өткен кездесуде Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Еламан Амангелді мен оның жаттықтырушысы Жасұлан Шұбайтегіні арнайы қабылдап, халықаралық аренадағы табыстарымен құттықтады. Аймақ спортының дамуына қосқан үлесі үшін Еламан Амангелдіге 1 миллион теңгенің сертификаты табысталса, бапкері 500 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.

Азия чемпионатындағы табысты өнер көрсету Еламан Амангелдінің халықаралық деңгейдегі әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Енді спортшы қазан айында өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастайды.

Аймақ басшысы дарынды спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қолдау алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты