«БАБАЛАРДЫҢ ЕРЛІГІ ЕЛГЕ МҰРА,ҰРПАҚҚА ҰРАН»

Облыстық тарихи-археологиялық музейде - белгілі өлкетанушы әрі тарих зерттеушісі, жазушы Рүстем Бекетовты еске алуға арналған конференция өтті. «Бабалардың ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран» атты шараға өңірдегі зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, тарихшылар мен Рүстем Бекетовтың туған-туыстары қатысты. Жиында қазақ халқының тарихын зерттеуге сүбелі үлес қосқан тұлғаның еңбегі кеңінен насихатталды.
Конференция барысында Рүстем Бекетовтың өмірі мен еңбек жолы таныстырылды. Ол 1928 жылы бүгінгі Байқоңыр кеңшарына қарасаты, Лақбай елді мекенінде дүниеге келген. Соғыс жылдарының ауыртпалығын ерте көріп, еңбек майданына ерте араласқан оның есімі аймақ тарихына алтын әріппен жазылған.
Шарада Рүстем Бекетовтың зерттеушілік еңбектеріне де ерекше назар аударылды. Ол ұзақ жылдар бойы Аңырақай мен Бұланты шайқастарының тарихи ақиқатын зерделеп, халық жадындағы деректерді жинақтаумен айналысқан. Нәтижесінде «Естігендер мен естегілер», «Тарих шындықтары» атты кітаптары жарық көрді. Автор бұл еңбектерінде ел тарихы мен туған өлкенің шежіресін кеңінен қамтыған.
Жиын барысында қатысушылар Рүстем Бекетов жайлы естеліктерін бөлісіп, оның қарапайымдылығы мен ғылымға адалдығын ерекше ілтипатпен еске алды. Сонымен қатар, оның туған өлке тарихын зерттеуге қосқан елеулі үлесі ерекше аталып, есімі ел жадында сақталатыны айтылды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


