Жаңалықтар

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ОРТАҚ МІНДЕТ

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ   ОРТАҚ МІНДЕТ

Жаз мезгілінің басталуымен балалардың терезеден құлау қаупі арта түседі. Осыған байланысты Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырады.

Биыл облыста балалардың терезеден құлауына байланысты үш оқиға тіркелді. Өкінішке қарай, оның бірі қайғылы аяқталды. Мамандардың айтуынша, масаға қарсы тор баланы құлаудан қорғамайды. Сондықтан терезеге арнайы блокиратор немесе құлып орнатып, балаларды ашық терезенің жанында қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ терезе маңына бала шығып кетуі мүмкін жиһаз қоймай, қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп отырған жөн.

Баланың өмірі мен қауіпсіздігі - ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі. Ал терезеге орнатылған қарапайым қорғаныс құралы орны толмас қайғының алдын алып, бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан мамандар қауіпсіздік талаптарын естен шығармауға шақырады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты