Жаңалықтар

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БІРІ

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БІРІ

Жезқазған қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектепте «Бала құқығы - басты құндылықтардың бірі» атты интеллектуалдық «Брейн-ринг» ойыны өтті. Шараның негізгі мақсаты - жас ұрпақты құқықтық сауаттылыққа баулу, өз міндеттерін білуге үйрету және заңға құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. КАДРДАН ТЫС:Сайысқа мектеп оқушыларынан құралған екі команда қатысып, төрт кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы «Блицкриг» кезеңінде қатысушылар бала құқықтары, Конституция және халықаралық құжаттар туралы сұрақтарға жылдам жауап берді. Келесі бөлімде оқушылар бейнематериалдағы құқықтық жағдайларды талдап, оны шешу жолдарын ұсынды. «Қарсыласқа төтеп бер» және «Цифрлар сөйлейді» кезеңдерінде командалар бір-біріне сұрақ жолдап, маңызды құқықтық мәліметтер мен тарихи даталарды таныстырды.

Сайыс өте тартысты өтіп, командалар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Оқушылар шараның қызықты әрі танымды болғанын айтып, құқықтық білімдерін арттыруға мүмкіндік алғандарын жеткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты