БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жезқазғанда «AMANAT» партиясының Ұлытау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Ұлытау облысы – жетімдерсіз аймақ: отбасылық тәрбиені қолдау және балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға партия өкілдері мен жауапты мемлекеттік органдардың мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары қатысып, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қазіргі жағдайы талқыланды.
Қазіргі таңда Ұлытау облысында 17 жасқа дейінгі балалар саны 75 мыңнан асады. Соның 256-сы - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар. Олардың басым бөлігі қамқоршылық пен қорғаншылықта тәрбиеленіп жатыр, ал бірқатары патронаттық отбасыларға орналастырылған.Балалардың 182-сі қалада, 29-ы ауылдық жерде тұрады. Маруа Кұлұшева атындағы арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында 45 бала тәрбиеленсе, орталық жанындағы жасөспірімдер үйінде 37 жас бар. Барлық тәрбиеленушілер 100 пайыз мемлекеттік тұрғын үй кезегіне қойылған.Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік жетімдіктің негізгі себебі - ата-анасы бар болса да, өмірдің ауыр жағдайына тап болған отбасылар. Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу және отбасыларды ерте кезеңнен қолдау - бүгінгі күннің ең маңызды міндеттерінің бірі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай өңірде «Мейірім» акциясы аясында балаларға қаржылай көмек көрсетіліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар қайырымдылық қорлары мен ірі кәсіпорындар тарапынан да балаларға жүйелі қолдау көрсетіліп келеді.2026 жылдан бастап облыста балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған арнайы бөлім құрылып, жергілікті деңгейде 11 маман балалардың заңды мүдделерін қорғау жолында жұмыс жүргізуде.Жиын барысында баланы отбасына қабылдаудың маңызы, ата-аналық жауапкершілік пен мейірімнің рөлі ерекше атап өтілді. Осындай игі істі таңдаған жандар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Солардың бірі - екі ұлды асырап алған Сәтбаев қаласының тұрғыны Бисенкүл Бижанова.
«0062 / 2 бала асырап алдым. Біз барған уақытта қазақтың балалары болмады,сондықтан енді мәселе қазақта емес,орыста емес.Осы Қазақстанның азаматын өсіріп,тәрбиелейік деп жолдасымызбен,бала-шағамызбен бәріміз осы шешімге келдік.Не себепті? Өйткені мен басымнан жағдай өтті,балам қайтыс болды 23 жаста.Соның орнына бұл менің ұлым Қанат деген ұлым Сергей басты.Каз шындап келсем басты.Сол айтады ғой,мама мен Азамат аға сияқты ертең өзі тәрбиелі жақсы бала болып өсем деп»
— Бисенкүл Бижанова, Сәтбаев қаласының тұрғыны
Дөңгелек үстелде балалардың тәрбиесі, оқушылардың қауіпсіздігі мен балалар үйлерінің жағдайы жан-жақты талқыландып,қатысушылар осы мәселелерді шешуге арналған ұсыныстарын ортаға салды.Іс-шара соңында партия өкілдері әлеуметтік жобаларды қолдауға белсенді атсалысқан азаматтарға алғыс хаттар табыстады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


