Жаңалықтар

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ

БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Жезқазғанда Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілдігі жанындағы сараптама кеңесінің отырысы өтті.Жиынға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім беру саласының өкілдері және кеңес мүшелері қатысты. Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, оларды қорғау шараларын жетілдіру және алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.

Жиында мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсау дерегі мен балабақша тәрбиешісінің қызметтік міндеттерін дұрыс атқармаған жағдайы талқыланды.Талқылау нәтижесінде балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге арналған бірқатар ұсыныстар бекітілді, сондай-ақ анықталған мәселелерді жүйелі түрде шешу және аталған оқиғалардың алдын алу үшін арнайы жол картасы әзірленбек.

Сонымен қатар полиция департаментінде ашылған құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жаңа кабинеттің жұмысы қаралды. Аталған құрылым мектеп және мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың, соның ішінде буллингтің алдын алуға бағытталған. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарымен бірлесіп жүргізілген психологиялық қолдау орталығының да жұмыс нәтижелері таныстырылды.

Жиын қорытындысында балалардың қауіпсіздігін күшейту, оларға қолайлы жағдай жасау және тиісті мекемелердің өзара жұмысын жетілдіруге қатысты шешімдер қабылданды. Аталған шаралар алдағы уақытта да жалғасатын таппақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты