БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС ШАРА

«Uly Bala fest – Балалық шаққа саяхат!» Халықаралық балаларды қорғау күнінде – Кеншілер шаһары атанған Сәтбаев қаласында кең ауқымды мерекелік іс шара ұйымдастырылды.
Балаларды қорғау күні – балалардың асыға күтетін мерекесі! Атаулы күнде өткізілген мерекелік шаралар легі мектеп оқушылары арасындағы асфальтқа сурет салу байқауымен басталды. Балғын суретшілер қиялындағы көркем көріністерге қылқалам қуатымен жан бітіріп, туған қалалаларына деген махаббатарын түрлі туындылар арқылы бейнеледі. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, үздік қатысушыларға арнайы сыйлық пен алғыс хаттар табысталды.
«1774 3ші звуктан: (Менің атым Артем, мен №25 жалпы білім беретін мектепте оқимын. Осы тамаша байқауға қатысып, өте жақсы әсер алдым. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені иелендім. Барлық балаға ешқашан берілмей, алға ұмтылып, өздерін дамытып, сүйікті қаламыздың абыройын асқақтатуды тілеймін.)»
— Артем Гавриш, Сәтбаев қаласындағы №25 ЖББМ оқушысы
Бұдан бөлек мерекелік шарада - тұрғындар мен қонақтаға айрықша ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды. Сондай-ақ Крио-шоу, сиқыршының өнері мен аниматорлар ұйымдастырған интерактивті ойындар балалардың ерекше қызығушылығын туғызды. Мерекеге қатысқан «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының бизнесті қамтамасыз ету департаментінің директоры Дархан Ранов бүлдіршіндерді арнайы құттықтады.
«1449 (02.19:02.54)Бұл күн бізге балаларға деген қамқорлық пен махаббаттың маңызын еске салады. Бала біздің болашағымыз, сондықтан олардың бақытты әрі қауіпсіз өсуі - бәріміздің ортақ міндетіміз. "Қазақмыс" Корпорациясы балалар мен отбасыларды қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөледі. Барлық балаларға денсаулық, қуаныш және бақытты балалық шақ, ата-аналарына амандық пен береке тілейміз. Әр шаңырақта бейбітшілік пен жылулық орнап, балалардың күлкісі үзілмесін»
— Дархан Ранов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының Бизнесті қамтамасыз ету департаментінің директоры
Мерекелік шараның маңызды оқиғасының бірі – өңірдегі дарынды балалар мен жасөспірімдердің қабілетін дамытуға жаңа мүмкіндік беретін «Жас Дарын – 2026» таланттар фестивалінің таныстырылымы болды. «Қазақмыстың» қолдауымен қолға алынған бағдарламалар – бүлдіршіндерге ұмытылмас әсер мен риясыз қуаныш сыйлады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


