БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ

Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні! Жаз мезгілінің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін айрықша мерекеде – «Қазақмыс корпорациясы» өз қызметкерлерінің балалары үшін өндіріс ошақтарына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Соның бірі: Құю механикалық зауытында өткен экскурсия...
Экскурсия - қауіпсіздік техникасына арналған нұсқаулық сабақтан басталды. Себебі, өндіріс орнындағы ең бірінші және басты талап: қауіпсіздік! Мұнан соң балалар - ата-аналарының жұмыс барысымен, зауыттың бүгінгі тынысымен танысты.
«(Зауымызда 500 ге тарта адам еңбек етеді. Сол еңбекерлеріміздің балалары келіп жатқан. Балалар қызығушылық танытып жатыр. Оның өзін зор жетістік деп білеміз. Мүмкін, осы балалардың ішінен болашақта әкесінің, анасының жолын қуған мамандар шығар!)»
— Сабыржан Есмағанбетов, Құю-механикалық зауыты директорының орынбасары
Иә, өндірістің қайнаған тіршілігіне балалардың көзімен қарау – болашаққа деген қадам! Экскурсия барысында балалар кәсіпорын жұмысына қажетті құрал-жабдықтарды ынтамен зерделеп, қызықты сауалдарын қоя білді. Ал, ата-аналар қауымы ерекше экскурсия үшін алғыстарын айтып, мерекемен құттықтады.
«(ЛМЗ да жеті жылдан астам уақыт бойы слесарь-ремонтник болып жұмыс істеймін. Экскурсияға балаларымды алып келдім. Оларға ұнап жатыр деген ойдамын. Себебі, балаларға бәрі қызықты кезең қазір. Қазақстандағы барлық бүлдіршіндерді шын жүректе мерекемен құттықтаймын! Ең бастысы: ешқандай бала ауырмасын!)»
— Тілектес Елеусізов, Құю-механикалық зауытының слесарь-жөндеушісі
Экскурсия соңы түрлі тәттіге толы мерекелік дастарханға жалғасты. Балалардың танымдық бағыттағы экскурсиядан айрықша әсер алды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


