Қазақмыс жаңалықтары

«ҚАЗАҚМЫСТА» ҮЗДІК ДӘНЕКЕРЛЕУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

«ҚАЗАҚМЫСТА»   ҮЗДІК ДӘНЕКЕРЛЕУШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін - Халықаралық дәнекерлеушілер күніне орай «Қазақмыс» корпорациясының Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасында дәстүрлі «Үздік электргаздәнекерлеуші» байқауы өтті. Өндірістің от-жалынында шыңдалып келе жатқан жас мамандар бақ сынаған дода - жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырып, кәсіби біліктілікті ұштауға бағытталған. Теория мен тәжірибені қатар таразылаған тартысты додада үздіктер қалай анықталды?

Биылғы кәсіби шеберлік сайысына екінші разрядтағы электргаздәнекерлеушілер қатысты. Алты өндірістік учаскенің намысын қорғаған жас жұмысшылар еңбек қауіпсіздігі талаптарын меңгеру деңгейін, теориялық білімін және дәнекерлеу ісіндегі тәжірибелік шеберлігін сынға салды. Қатысушылардың жұмысы бірнеше бағыт бойынша бағаланды. Атап айтқанда, дәнекер тігісінің сапасы, тапсырманы дәл әрі уақытылы орындау, қауіпсіздік техникасын сақтау және өндірістік тиімділік басты назарға алынды.

Байқауға қатысушылардың барлығы жоғары деңгейдегі кәсіби даярлықтарын көрсетті. Нәтижесінде үздіктер мен жүлдегерлер анықталды. Бірінші орын жас маман Даурен Ербосыновқа бұйырса, теориялық және тәжірибелік кезеңдерде үздік нәтиже көрсеткен Андрей Тюрин байқаудың Гран-при иегері атанды.

«0179 ПЕРЕВОД: Мен жұмысқа небәрі бес ай бұрын қабылдандым. Соған қарамастан, осындай байқауға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Өз кәсібімді жақсы көремін - әрі кесемін, әрі дәнекерлеймін. Мұндай сайыстар өте пайдалы. Неғұрлым жиі ұйымдастырылса, соғұрлым тәжірибе де молая түседі. Ең бастысы - әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бар»

— Андрей Тюрин, Гран-при иегері

«0184 ПЕРЕВОД: Мен №5 учаскеде жұмыс істеймін. Өзімді әлі жас маманмын деп есептеймін. Байқау барысында тапсырмаларды сәтті орындадым деп ойлаймын, теориялық сұрақтарға да толық жауап бердім. Бұл жұмыс өзіме ұнайды. Осындай жарыстарда жаңа дүниелер үйреніп, бұрынғы біліміңді жетілдіре түсесің»

— Даурен Ербосынов, І орын иегері

Сайыс қорытындысында қатысушылар арнайы аталымдар бойынша да марапатталды. Атап айтқанда, «Жеңіске деген жігері үшін», «Қауіпсіздік техникасын үздік сақтағаны үшін» және «Ең жас қатысушы» аталымдары табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйақы берілді. Мұндай байқаулар өндірістегі кәсіби сабақтастықты нығайтып қана қоймай, жас мамандарды қолдауға және еңбек адамының беделін арттыруға серпін бермек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты