«QAUIPSIZDIK START» ҚАЗАҚМЫСТЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАТЫ

«Қазақмыста» қауіпсіздік қағидаты қатаң бақылауда! Осы мақсатта Сәтбаев қаласында - «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде «Qauipsizdik Start» кіріспе курсы басталды...
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы арқылы «Қазақмыс» қауіпсіздік мәдениетін одан әрі дамытуды көздемек. Ауқымды бағдарлама 2026 жылды «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі жариялаған Қауіпсіздік жылы аясында жүзеге асырылуда. Курстың алғашқы қатысушылары қатарында корпорацияның жүйе құраушы кәсіпорындарының 30 қызметкері бар...
-(Өндіріс ошағына жұмысқа келген кез келген маман – қауіпсіздіктің жәй айтыла салған сөз емес екенің, қауіпсіздік талаптарын тұрақты сақтау оның өмірі мен денсаулығы үшін аса қажет екенін түсіну білу керек. «Qauipsizdik Start» жобасы ең алдымен осы мақсатта қолға алынды. Біз мұнда бейнероликтер арқылы - өндіріс орындарындағы шынайы көріністі көрсетеміз. Көрсетіп қана қоймай, еңбеккерлерге жан жақты түсіндіреміз, қауіпсіздік бағытында кеңес береміз.) Иә, аталған бағдарлама негізгінде — қауіпсіз еңбек дағдыларын қалыптастыру, қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыру және өндірістік жарақат алу тәуекелдері төмендетілмек. Курс барысында қатысушылар өндірістік тәуекелдерді бағалау, қауіпті факторлар анықталған жағдайда әрекет ету тәртібі, сондай-ақ техника мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану ережелері бойынша білім алуда.
«(Менің бұл оқу саласында үйренгенім – қауіпсіз жұмыс істеу ең басты талап екендігі және де қауіпсіздік саласындағы нөлдік төзімділік менен басталады және басқалардың қауіпсіздігіне де өз үлесімді қоса аламын. Бұл оқудың ең ұнаған тұсы: интерактивтік оқу. Мысалы, командаларға бөлініп өз білім дәрежемізді тексерудеміз!)»
— Қадырбек Мәжитұлы, Құю-механикалық зауытының еңбеккері
«Qauipsizdik Start» бағдарламасы қатысушылары курс қортындысында арнайы сертификиттарға ие болады. Жыл соңына дейін аталған бағдарлама аясында 10 мыңнан аса еңбеккерді оқу курсынан өткізу жоспарлануда.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


