Жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ЖОСПАР МЕН МАҚСАТ

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ЖОСПАР МЕН МАҚСАТ

Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, олардың ққауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған брифинг өтті. Салаға жауапты мамандардың мәліметінше, өңірдегі 39 мыңнан астам оқушының 35 мың 679-ы жазғы сауықтыру және демалыс шараларымен қамтылады. Осы мақсатта облыс бойынша 171 лагерь мен демалыс алаңы жұмыс істейді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға бюджет және бюджеттен тыс көздерден 662 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Баспасөз алаңында - балалардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да баян етілді. Атап айтқанда, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды қолдау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары да бақылауда. Сондай-ақ өңірде мыңнан астам мүгедектігі бар балаға әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

«0546 2ші звуктан: / 02:44-03-17 Басқа өңірлердегі қала сыртындағы лагерьлерде 3 016 бала демалады. Жергілікті бюджет есебінен 495 бала,«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына кестеге сәйкес 872 бала және облыстағы ірі кәсіпорындардың демеушілігімен және «Қазақстан халқына» қорынан - 1674 бала қала сыртындағы лагерлерде демалады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында қала сыртындағы жыл бойы жұмыс істейтін 400 орындық лагерін салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, маусым айында мемлекеттік сараптамаға жолданады. «Ұлытау» ұлттық паркінің аумағында орналасқан «Қазақмыс» корпорациясының балансындағы демалыс аймағын балалар лагеріне бейімдеу мақсатында облыс әкімдігінің балансына беру жұмыстары жүргізілуде»

— Гүлмира Жұматова, облыстық білім басқармасының тәрбие жұмысы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты