Жаңалықтар

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА

Металлургтер күніне арналған мерекелік іс шаралардан балалар да тыс қалмады.

Мұнда жиналғандарды арнайы аниматорлар мен ертегі кейіпкерлері қарсы алып, түрлі ойындар мен қызықты сайыстар өткізді. Би алаңдары, шығармашылық орта мен ойын-сауық бағдарламалары бүлдіршіндердің мерекелік көңіл-күйін еселей түсті. Әр бала өзінің жеке қабілеті мен таңдауына сай алаңда өнерін ұштай білді.

«Барша Жезқазған тұрғындарын осынау тамаша мерекемен құттықтаймын! Металлургтер күні құтты болсын! Бүгін бәріміз осы мерекені бірге атап өтіп, қаламыздың бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлап жатырмыз»

— Құралай Әбжан, аниматор

Жазғы демалыста жаңа достар тапқан бүлдіршіндердің ата-аналары мен қала тұрғындары айрықша күн үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

«Маған бұл мереке өте ұнап жатыр. Мұнда бәрі қызық әрі көңілді. Барша металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Маған маймыл кейіпкеріндегі аниматор ерекше ұнады. Өйткені ол өте көңілді әрі керемет екен»

— Қайсар Қызықенқызы, қала тұрғыны

«Бала Fest» - балаларға шаттық сыйлап қана қоймай, отбасы құндылығын да дәріптеді. Осылайша балқытаушылардың төл мерекесі - балалар үшін ұмытылмас күнге айналды!!!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты