БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢЫ

Бар жақсылық – балаларға! Ұлытау ауданының орталығында балаларға арналған ойын алаңы ашылды.
Ұлытау селосындағы жаңа ойын алаңы Сәтбаев көшесінде орналасқан. Бюджеттен тыс, демеушілік қолдау арқылы қолға алынған жоба – «ПетроҚазақстан» мұнай компаниясының бүлдіршіндірге тартуы. Игілікті шараға балалармен бірге ата-аналар қауымы да айрықша қуануда.
Ойын алаңы – заманауи үлгіде және қауіпсіздік талаптарына сай салынған. Ашылған сәтінен бастап алаң балалардың жайлы мекеніне айналды.
Айта кетейік, ауданда кейінгі 3 жылда 30-ға жуық спорт нысаны мен балалар ойын алаңы орнатылған. Бұл жұмыстар бүлдіршіндерге деген қамқорлық пен салауатты өмір салтын сақтау қағидатын көздейді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


