Жаңалықтар

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ «ŪLAR» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ «ŪLAR» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Өңірде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында журналистерге құрмет көрсетілді. Қаламы мен камерасын серік еткен сала мамандарының еңбегі еленіп, үздіктерге «ŪLAR» сыйлығы табысталды.

Салтанатты шараға ақпарат саласының ардагерлері, газет-журнал тілшілері, телеарна қызметкерлері операторлар мен шығармашылық топ өкілдері қатысты. Жиын барысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков журналистердің қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдарының өңір дамуына қосып отырған үлесін атап өтті.

Мерекелік шарада бірқатар журналистер мемлекеттік наградаларға, министрлік марапаттарына және облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды. Жылдар бойы ақпарат саласында тер төгіп, өңірдің шежіресін қалыптастырған ардагерлерге де ерекше құрмет көрсетілді. Ал биылғы кәсіби мерекенің басты жаңалығы - журналистерге баспана кілтінің табысталуы. Президент тапсырмасымен жүзеге асқан бастама аясында Ұлытау облысында алғаш рет ақпарат саласында еңбек етіп жүрген екі маманға екі бөлмелі пәтер берілді.

Бұл күні өңір журналистикасының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген арнамыздың бірқатар қызметкерінің еңбегі жоғары бағаланды. Атап айтар болсақ, Салада ұзақ жылдық тәжірибесімен танылып, шығармашылық бағыттағы ізденісімен ерекшеленген Базаркүл Үмбетоваға «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы берілсе, телеарна қызметінің ажырамас бөлігі саналатын монтаж режиссері Нұрталап Шарападин «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар «ŪLAR» сыйлығының екі аталымында арна еңбеккерлері үздік атанды. «Мәнер мен атқарымдылық» номинациясында инженер Асхат Жақсылықов жеңімпаз атанса, «Экономика тақырыбын үздік жариялағаны үшін» аталымында тілшіміз Аяулым Алтынбекова үздік атанды.

«0107 4ші звуктан: / Бүгін журналистердің төрге шығып,еңбегі еленген күн болып жатыр. Мен де осы Ұлытау облысы әкімінің Ұлар сыйлығына оның ішінде экономика тақырыбын үздік жариялағаны үшін номинациясына ие болып отырмын. Өте қуаныштымын. Негізі журналистика саласында 8 жыл қызмет атқарып келемін.Тележүргізуші және тілші болып екі қызметті бірге алып жүрмін. Өте қуаныштымын.Бүгін осындай марапат алып жатырмын. Ұлытау облысы әкіміне рахмет! Осындай жастарды жігерлендіретін бастамалар көп болсын! Осы сәтті пайдалана отыра мен өзімнің әріптестерімді және барша Қазақстанның БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтағым келеді.Сонымен қатар Ұлытау облысының әкіміне және Ұлытау облыстық телерадиокомпаниясының басшылығына және өзімнің әріптестеріме алғыс білдіремін»

— Аяулым Алтынбекова, «Экономика тақырыбын үздік жариялағаны үшін» аталымының иегері

Журналистикада сөздің салмағы қандай маңызды болса, бейненің де мәні сондай. Себебі көрерменге жеткен әр кадрдың артында үлкен ізденіс пен кәсіби шеберлік жатыр. Телевизия саласында ширек ғасырдан астам еңбек етіп келе жатқан Нұрлан Исмаилов «Объектив шебері» номинациясымен марапатталды.

«0104 3ші звуктан: / Хабар агенттігі ұжымы облыс әкімінің Ұлар сыйлығына үміткер ретінде ұсынған болатын.Бүгін міні үлкен марапатқа ие болып жатырмын обектив шебері деген. Өте қуаныштымын. Бұл телевидение саласында жалпы 25 жыл қызмет атқарып келе жатырмын. Телеоператордың жұмысы бұл қасқағым сәтте қағып түсіретін мамандық иесі негізінде. Біз қаладағы,жалпы елдегі қандай да болмасын игілікті істердің басы қасында жүреміз. Көзбен көреміз, обективке түсіреміз. Барлық әріптестерімді осы үлкен кәсіби мерекемен құттықтаймын. Қаламдары мұқалмасын.Жақсы жазатын жаңалықтары көп болсын!»

— Нұрлан Исмаилов, «Объектив шебері» аталымының иегері

Қаламгер қауымының мерейін асырған мерекелік шара марапаттау рәсімімен ғана шектелмей, көтеріңкі көңіл күйге толы концерттік бағдарламамен жалғасты.Журналистерге арналған бұл күн - шығармашылық ізденіс пен кәсіби еңбектің бағаланған ерекше сәті ретінде есте қалды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты