БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Сәтбаев қаласында - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті. Дәстүрлі шарада - қала тынысын телеарна, газет және әлеуметтік желі арқылы жұртшылыққа жеткізіп жүрген ақпарат саласының өкілдеріне құрмет көрсетілді!
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері – қоғам мен биліктің арасындағы алтын көпір. Бейресми төртінші биліктің тізгініндегі тілшілер мен таспагерлер қауымын Кеншілер шаһарының әкімі Мұрат Бөрібаев арнайы құттықтап, Алғыс хаттарымен және қаржылай сыйақымен марапаттады.
Құрмет биігіне көтерілгендер қатарында біздің арнаның жас таспагерлері Айдос Өмірбекұлы мен Алихан Мұхтар да болды. Еткен еңбектің еленгеніне сала өкілдері ризашылықтарын жеткізді.
Бір қолында қаламы, бір қолында камерасы бар мәртебелі мамандық иелеріне арналған шара – мерекелік кешке ұласты. Төл мерекеде ғана емес, жылдың төрт маусымында төрден түспегейсіздер, ардақты әріптестер!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


