Жаңалықтар

БАҚЫЛАУ КАССА МАШИНАСЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

БАҚЫЛАУ КАССА МАШИНАСЫН ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге ақшалай есеп айырысу кезінде бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін түсіндірді. Ведомство өкілдері қолданыстағы талаптардың сақталуы әрбір кәсіпкер үшін міндетті екенін еске салады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, тауар өткізу, жұмыс орындау және қызмет көрсету барысында жүргізілетін барлық ақшалай есеп айырысу мемлекеттік тізілімге енгізілген бақылау-касса машинасы арқылы рәсімделуі тиіс. Егер POS-терминалдың құрамында бақылау-касса жүйесі болмаса, фискалдық чек бөлек тіркелген онлайн бақылау-касса машинасы арқылы беріледі.

Мамандардың айтуынша, әрбір төлем операциясы төлем жасалған сәтте жеке тіркеліп, оған жеке фискалдық чек берілуі қажет. Бірнеше сауда операциясын күн соңында бір чекпен рәсімдеуге жол берілмейді. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзғандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 284-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Алғаш рет анықталған жағдайда ескерту жасалса, заңбұзушылық қайталанса әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты