Жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ – ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ

БАСТЫ МАҚСАТ – ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ

Облыс орталығында Жезқазған қалалық прокуратурасының бастамасымен пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өтті. Жиынға қала әкімдігі мен полиция басқармасы және облыстық прокуратура өкілдері қатысып, есептегі тұлғаларға құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету жолдарын талқылады.

Кездесудің басты мақсаты - пробация есебіндегі азаматтардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу және оларды қоғамға бейімдеу. Осы бағытта заң талаптары түсіндіріліп, жұмысқа орналасу мен кәсіп бастау мүмкіндіктері таныстырылды. Мамандардың айтуынша, бүгінде мемлекет тарапынан бизнес ашуға қолайлы жағдай жасалған. Қайтарымсыз гранттар қарастырылып, азаматтарға өз ісін бастауға мүмкіндік берілуде.

«0233 / Жаңа атап өтті ғой пробация қызметінің өкілі, алдыңғы жылы 2025 жылы 25 тұлға осы пробацияның қойған талаптарымен және сот шешімімен қойған шектеулерді бұзғаны үшін 25 тұлға қайтадан бас бостандығынан айыру жазасына жазаланып,жазасы ауыстырылды. Биылға екеуі ауыстырылды,енді қазір тағы да осы талаптарды сақтамағаны үшін 3 тұлғаның жазасын ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр қазіргі таңда»

— Наймантай Нұрман, Жезқазған қаласы прокурорының орынбасары

Сонымен қатар, жиын барысында әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайы жеке қаралып, қажет болған жағдайда нақты көмек көрсету мәселесі басты назарда болды. Айта кетейік, қазіргі таңда қала бойынша пробация есебінде 110 адам тіркеуде тұр.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты