Жаңалықтар

БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫ

БАТАГӨЙЛЕР БАЙҚАУЫ

«Батаменен ел көгерер!» Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында «Ауыл» партиясы ұйымдастырған батагөйлер байқауы қорытындыланды.

Түсіне білгенге, бұл сайыс – басқа сайыстардан өзгерек. Бүгінгідей батыстың қаңсығын таңсық қылып жүрген құбылмалы қоғамда – жөнді бата беретін жандарымызға арналған дода – сол себепті де ерекше өтті. Тағылымды шараның негізгі мақсаты: ұлттың дәстүрін дәріптеп, оны жасөспірімдердің жадына сіңіру...

Байқау қатысушыларының жасына шектеу қойылмады. Үміткерлер батаны жатқа айтып, соған сай шағын қойылымдар да ұйымдастырған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен қаржылай сыйақылар табыс етілді.

Бұл – Батагөйлер байқауының облыстық кезеңі! Мұнда топжарғандар республикалық додаға жолдама алды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты