Жаңалықтар

БАТЫРБЕК МЫРЗАБЕКОВ «АЛАШ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

БАТЫРБЕК МЫРЗАБЕКОВ   «АЛАШ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Белгілі қаламгер, Ұлытау ауданы мен Ұлытау облысының Құрметті азаматы, ҚР Жазушылар одағының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Батырбек Мырзабеков - Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды. Өңір әдебиетіне үлкен олжа салған жазушының қуанышын бөлісіп қайтқан тілшіміз Мұқағали Сейтқазының бейнематериалына кезек берелік...

Биылғы жылдың ақпан айында Ұлытау даласындағы алғашқы онтомдық шығармалар жинағын жарыққа шығарған Батырбек Мырзабековтың аталған еселі еңбегі - «Алаш» сыйлығына лайық деп танылды. Автордың өзі бұл марапат – ұлытаулық қаламгерлерге шалқар шабыт сыйлайды деді...

Батырбек Мырзабеков туындыларының негізгі тақырыбы: туған жердің терең тарихы мен Ұлытауда өмір сүрген қайраткер тұлғалардың ғибратты ғұмыр жолы. Қаламгер қазіргі уақытта - үнемі жазу үстелінде...

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы – шығармашылық еңбектің жоғары бағалануы ғана емес, Ұлытау облысындағы әдеби-мәдени әлемнің жарқын белесі!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты