БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Облыс орталығында белсенді жастардың «Жаңа Конституция - жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің негізі» атты форумы өтті. Ауқымды іс-шара аясында референдумның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар табысталды.
Форумға өңірдің белсенді жастары, қоғамдық ұйым өкілдері мен түрлі сала мамандары қатысты. Жиында Конституциялық реформалардың маңызы, жастардың қоғамдағы рөлі мен құқықтары, сондай-ақ олардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Форумға арнайы қатысқан облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Ыдырысов бірқатар азаматтарға Президенттің Алғыс хатын табыс етті.
Марапат иелері көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізді. Олар елдегі кез келген саяси маңызы бар оқиғаларға қашан да белсенділікпен қатысамыз дейді.
«0676 / Енді біз өз жанұямыздың атынан негізі референдумға қатыстық және біз осы еліміздің болашағына немқұрайлы қарамайтын отбасы ретінде, енді отбасы кішкентай мемлекет қой,сол еліміздің болашағы үшін дауыс бердік. Сол дауыс беруге ұйымдастыруға қатысқан жастарды бүгін көріп отырмыз осындай іс-шарада. Сол кісілерді бүгін марапаттау болды. Және біз де осы марапатқа ие болдым. Алғыс айтамын.Еліміздің болашағы жарқын болсын. Бейбітшілік болсын елімізде.Біз жастарға сенеміз»
— Жанна Шубаева, Жезқазған қалалық Аналар кеңесінің мүшесі
«0671 / Осы салада жүргенімізге 5 жылдай болып қалды. Осы елбасшымызға рахмет бізді жастарды қолдап,елеп жатқанына,сый-сыяпат ұсынып жатқанына. Алдағы тағы да жұмыс істейміз деп ойлаймыз жастармен,белсене қатысамыз барлығына.Қабылданған референдум еліміз үшін маңызды,барлығын қолдаймыз»
— Мөлдір Дәулетбаева Қаражал қалалық Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің маманы
Салтанатты шара жергілікті өнер иелерінің концерттік бағдарламасымен түйінделді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


