Жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық құндылықтарын нығайтуға бағытталған семинар-кеңес өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және адалдық идеологиясын насихаттау» тақырыбындағы жиынға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог-менеджерлері қатысты.

Іс-шараны ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті ұйымдастырды. Семинар барысында облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов және Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Дәулет Сейтпеков тақырып аясында баяндама жасады. Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Адал азамат» қағидатын ілгерілету және жас ұрпақ бойына парасаттылық құндылықтарын сіңіру мәселелеріне тоқталды.

Жиын барысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстардың тиімділігі де сөз болды. Қазіргі таңда облыстағы 172 білім беру ұйымында бақылау тетіктері күшейтілді.Қаржылық және басқару процестері біртіндеп цифрлық форматқа көшіріліп,қабылдау жүйесі толық автоматтандырылған.

«0832 2 ші звуктан: / 2023 жылдан бастап енгізілген «Е-Акимат» ақпараттық жүйесі бюджеттік өтінімдерді жоспарлау кезінде негізсіз шығындарды автоматты түрде бұғаттауға мүмкіндік берді. Бұл жүйе дерекқордағы бірыңғай алгоритм арқылы бюджетті қайта салу немесе бұрын сатып алынған тауарларды негізсіз қайта жоспарлау жағдайларына тосқауыл қояды.Қазіргі уақытта жалған жұмысқа орналасу, сауықтыру жәрдемақыларын заңсыз төлеу, іс-сапар шығындарын алдын-ала төлеу жойылды. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар және де басқа заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайлар анықталып,жұмыстар жүргізілуде. «Жалған жұмысқа орналасу» және «өлі жандар» мәселесін түпкілікті шешу үшін білім нысандарында қызметкерлердің келуін бақылайтын биометриялық сәйкестендіру жүйелері енгізілуде. Бұл бюджет қаражатының нақты жұмыс істеген мамандарға ғана төленуін қатаң бақылауға мүмкіндік береді»

— Гүлмира Жұматова, облыстық білім басқармасы басшысының м.а

Кездесу қорытындысында қатысушылар білім беру мекемелерінде адалдық мәдениетін нығайтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, сала мамандары бұл бағыттағы жұмысты жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты