БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ ТӘРТІБІ

«Білім беру ұйымдарының қызметін заң талаптарына сай жүргізу үшін берілетін лицензия алу міндетті»... Аталған ретте Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті: білім беру ұйымдарын лицензиялау және білім туралы құжаттарға апостиль қою сынды маңызды екі бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қызметтер электрондық үкіметтің «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылады. Құжаттар белгіленген талаптарға сай болса, лицензия беріледі. Ал, талаптар орындалмаған жағдайда өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауап жолданады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


