Жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ

Сәтбаев қаласындағы №16 жалпы білім беретін мектепте білім беру жүйесіндегі конституциялық қағидаттарды ілгерілетуге бағытталған конференция өтті. Аталған шараға Ұлытау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, бала құқықтарын қорғау саласының мамандары, өндірістік кәсіпорын өкілдері мен педагогтер қатысты.

Кездесу барысында Конституция талаптарын білім беру жүйесінде тиімді жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта құру бағытындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Жиында мектеп қабырғасынан бастап құқықтық сана мен жауапкершілікті қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді.

Мамандардың айтуынша, бүгінде әрбір білім беру ұйымында бала құқығының сақталуына басымдық беріледі. Мұндай ашық диалог алаңдары қоғам мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтып, білім саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік бермек.

«03614 перевод:Бүгінгі мектеп қабырғасында өткен конференция бала құқықтарын қорғау мәселесіне арналуымен мен үшін ерекше маңызды. Бұл - мектеп пен қоғам арасындағы ашық диалог алаңы. Мұнда Конституцияның рөлі мен қағидаттары кеңінен талқыланды. Себебі заңға құрмет пен құқықтық мәдениет бала бойына мектептен бастап сіңірілуі қажет. Біз балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастырып келеміз. Ал білім беру үдерісінің қатысушылары - мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар мектепті өздеріне жайлы, қауіпсіз әрі сенімді орта ретінде сезінсе, бұл баланың тұлға болып қалыптасуындағы алғашқы маңызды қадамдардың бірі болмақ»

— Гүлмира Жаппасова, Ұлытау облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өкіл

Жиын қорытындысында өңірдегі білім беру ұйымдарында балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар қабылданды. Қатысушылар мұндай кездесулер білім саласындағы өзара жауапкершілік пен құқықтық сананы арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты