Жаңалықтар

БІР КҮНДЕ – ТӨРТ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ АШЫЛДЫ

БІР КҮНДЕ – ТӨРТ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Өңірде қайта жаңғырған вокзалдар қатарында - Қаражал қаласының теміржол вокзалы да бар. Мұндағы сапаржай ғимараты 1958 жылы салынған. Күрделі жөндеуден кейінгі ашылу салтанатына облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов пен Қаражал қаласының әкімі Айқын Елеусізов, қала тұрғындары мен сала өкілдері қатысты.

Иә, Жаңарған нысан заманауи талаптарға сай өзгертіліп, жолаушыларға есігін айқара ашты. Көптің – көптен бері айтып жүрген мәселесінің оң шешімін тапқанына, әсіресе, ардагер теміржолшылардың қуанышы айрықша.

Қаражал вокзалы — қаланың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысандар. Жаңарған вокзал жолаушыларға жайлы жағдай жасап, қазыналы өлкенің жаңа тынысын ашты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты