Жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

«BIR TOLQYNDA» АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

Облыс орталығында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен жастарға арналған «BIR TOLQYNDA» ашық диалог алаңы өтті. Жезқазған Жоғары политехникалық ғимаратында өткен шараға «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова арнайы келіп қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты - жастар мен билік және сарапшылар қауымдастығы арасында тұрақты әрі ашық диалог орнату. Сонымен қатар жастар саясаты, қоғамдық реформалар және ғылым мен технологияны дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылауға еркін алаң ұсыну. Іс-шараға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев, мәслихат депутаттары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, өңір жастарының әлеуметтік белсенділігін арттыру, бастамаларын қолдау және түйткілді проблемаларды бірлесе шешу жолдарын талқылады.

«BIR TOLQYNDA» алаңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өңірдің дамуына қатысты ұсыныстарын ашық жеткізді. Бүгінде «Жастар Рухы» жастар қанатының облыстық филиалы құрамында Ұлытау облысының әр өңірінен 400-ге жуық белсенді жас бар.

«BIR TOLQYNDA» жобасы еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу аясын кеңейтіп, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясының жүйелі жұмысының бір бөлігі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты