Жаңалықтар

БІРЛІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДА

БІРЛІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПАРТАКИАДА

Бірлік пен ынтымақтың мерейлі мерекесі – облыс орталығындағы Наурыз саябағында да ұйымдастырылды. Мұнда «Қоғамдық даму басқармасы» мен аталған басқармаға қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолға алуымен техинкалық және кәсіптік колледждер арасында достық спартакидкасы өтті...

Ұлытау облысында 50-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері және 9 этно-мәдени бірлестік бар. Олардың Қазақ тілі мен діліне деген құрметі қашаннан айрықша. Достық пен татулықтың ерен үлгісі 1 мамырға арнағал іс шараларда айқын көрініс тапты.

Мұндағы іс шаралар мектеп оқушыларының қатысуымен өткен «Достық шуағы» атты сурет байқауымен басталды. Әрі қарай колледж студенттер түрлі спорттық сайыстар бойынша сынға түсті.

Спартакиадаға белсене қатысқан студенттер мен оқушыларға алғыс хаттары табыс етілді. Бірлікті үлгі еткен достық шарасы келер жылы да ұйымдастырылмақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты