«БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ел аймақтарында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру науқанын өткізіп жатыр.«Біртұтас ел – біртұтас жер» атты әскери-патриоттық акция бұл жолы облыста ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушылары мен студенттері қатысты. Кездесу барысында жастарға әскери қызметтің ерекшеліктері, сарбаздарға берілетін әлеуметтік жеңілдіктер мен әскери білім алудың жаңа мүмкіндіктері түсіндірілді.
Қорғаныс министрлігінің өкілдері жастарға әскери мамандықтар мен оқу орындарына түсу жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, ел қорғанысына атсалысу мен әскери борышты абыроймен орындаудың маңыздылығын айтты. Шара аясында әскери-тарихи ақпараттық стендтер қойылып, қатысушылар Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасу тарихымен, қазіргі даму кезеңдерімен, заманауи техника мен құрал-жабдықтармен танысты.
Іс-шара барысында білім беру ұйымдарының өкілдері мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері Қорғаныс министрінің алғыс хатымен марапатталды. Ауқымды акция әскери-патриоттық орталықтың шығармашылық ұжымынан құралған топтың концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын табатынын айтты.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


