БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

Облыс орталығында 2009–2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир мәреге жетті. Байрақты бәсеке - Ауған соғысында қаза тапқан жезқазғандық интернационалист жауынгерлер Асылбек Мамажанов пен Виктор Тарадайды еске алуға арналды.
Турнирді Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Былғары қолғап шеберлері бес салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыстың жабылу салтанатына Ауған соғысының ардагерлері де қатысып, майданда қаза болған жерлестерінің рухына тағзым етті.
Шаршы алаңға еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар шығып, өз салмақ дәрежесінде шын мықтыны анықтады. Тартысты бәсекеде 60 келіге дейінгі салмақта Шығыс Қазақстан облысының өкілі Баянды Шафих жеңімпаз атанды. Ол жарыс барысында Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген қарсыластарымен төрт кездесу өткізген.
Осылайша 3 күнге созылған былғары қолғап шеберлерінің бәсекесі өз деңгейінде қортындыланды. Жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдаумен қатар, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің есімін жаңғыртуға бағытталған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


