«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Өңірге жұмыс сапарымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әділ Құсманов арнайы жұмыс сапарымен келіп, жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізді.
Жиында көтерілген негізгі тақырып: «Болашақ» халықаралық бағдарламасы мен ғылыми тағылымдамалар аясында мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буынын дайындау және бұл жұмыстардың Ұлытау облысында орындалу барысы. Иә, Бәсекеге қабілетті білікті кадрларды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты. «Болашақ» бағдарламасы бойынша бүгінде жылына 600-ге жуық қазақстандық жас маман шет елдің іргелі оқу ордаларында білім жетілдіруде. Оның 10 нан астамы Ұлытау өңірінен...
-(Біздің негізгі мақсатымыз: «Болашақ» бағдарламасы жөнінде мемлекеттік қызметтегі жастарға жан-жақты, нақты ақпараттар жеткізу. Жобаның тиімділігі мен тарихына да тоқталудамыз. «Болашақ» - мемлекеттік қызметті таңдаған жастар үшін үлкен мүмкіндіктің алаңы. Біз академиялық білім дәрежесінен бөлек, жастардың іс тәжірибеден өту жұмыстарына да айрықша ден қоюдамыз. Маған ұлытаулық жас мемлекеттік қызметкерлердің белсенділіктері ұнады.) Кездесу барысында жас мамандар - бағдарламаға айрықша қызығушылық танытып, жоба шеңберінде ой пікірлерін ортаға салды. Бағдарламаның басты артықшылықтарымен танысты.
«(Мен өткен 2025 жылы Президенттің кадрлық резерві жобасы іріктеуінен сәтті өттім. Өзімнің болашағамды Мемлекеттік қызмет саласымен байланыстыратын жас ретінде «Болашақ» бағдарламасына ерекше қызығушылығым бар. Бүгінгі қоғамда мемлекеттік қызметкерге деген талап жоғары. Осы бағытта өткізілген жиыннан өзімізге қажетті ақпараттарды ала алдық.)»
— Алмагүл Әнуарбекова, Ұлытау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы
Халықаралық жобаның ақпараттық насихатын арттыруды көздеген топ өкілдерінің жұмысы өзге өңірлерде де жалғасын таппақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


