БОЛАШАҚ ОФИЦЕРЛЕР ІРІКТЕУДЕН ӨТУДЕ

Полиция қызметкері болуды армандайтын жастар үшін іжақсы мүмкіндік! Ұлытау облысы Полиция департаментінде Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің құжаттары қабылданып, іріктеу кезеңі өтуде.
Іріктеудің маңызды кезеңдерінің бірі - дене даярлығын бағалау. Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында өткен сынаққа өңірдің биылғы 16 мектеп түлегі қатысты. Оның 12-сі - қыздар. Талапкерлер 100 метрге жүгіру, іш бұлшықеттеріне арналған жаттығу және кермеге тартылу бойынша дене дайындығын көрсетті.
Дене дайындығын тексеру - болашақ тәртіп сақшыларын іріктеудегі басты талаптардың бірі. Өйткені полиция қызметі терең білімді ғана емес, мықты төзімділікті, тәртіпті және кез келген жағдайда жедел шешім қабылдай алатын дайындықты талап етеді.
«1308 / Осы академияға түсу менің бұрыннан бері арманым болды. Бүгін біз қазір норматив тапсырып жатырқ. Менің үлкен апайларым бар,олар ос ішкі істерде жұмыс істейді.Сол кісілерден үлгі алып, осы Қарағанды академиясына түскім келді»
— Ажар Едіге, талапкер
«1309 / Мен осы Қарағанды академиясына баяғыдан бері түскім келетін. Полиция болу бұл менің бала күнгі арманым болатын. Және осы академияғ түсуге мақсат қойып жатырмын.Бүгін норматив тапсырып жатырмыз. Осы 3 нормативтан да жақсы өтем деп ойлаймын»
— Назерке Орымбай, талапкер
Бұл - болашақ офицерлердің үлкен мақсатқа бастар алғашқы қадамы. Алдағы іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен жастар ертең ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандар сапын толықтырады. АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЛИХАН МҰХТАР «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


