БҮГІН | 04.11.2022
1. Бизнес саласына қатысты тың идеяңыз бар ма? Қаржының аздығынан керемет бастамаңызды жүзеге асыра алмай жүрсіз бе? Онда Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жас кәсіпкерлерге…

1. Бизнес саласына қатысты тың идеяңыз бар ма? Қаржының аздығынан керемет бастамаңызды жүзеге асыра алмай жүрсіз бе? Онда Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жас кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантқа қатысып, бақ сынап көріңіз.
2. Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесіп жүрген Президенттікке кандидат Қарақат Әбден аймақ орталығындағы өңірлік штабта болды.
3. Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев пен партияластары Алматы қаласына барды. Үгіт-насихат жұмыстары төңірегінде Наурызбай ауданының тұрғындарымен, мектеп ұжымымен жүздесті.
4. Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Жетісу облысына барды. Жаркент қаласында шаруалармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
5. Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің іс-сапары Өскемен қаласында жалғасты. Әуелі облыстық диагностикалық орталықта медицина қызметкерлерімен кездесті.
6. Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанымен Алматы қаласына барды. Шаһар тұрғындарымен және штаб өкілдерімен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламасына тоқталды.
7. Қазақстан заңгерлер одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ұлытау өңіріне келді. Басты мақсат-еңбек ұжымдарымен кездесіп, алдағы Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының ережелері мен жаңалықтары туралы хабардар ету. Алғашқы кездесу Жезқазған медициналық орталығында өтті.
8. Облыс бойынша тәулігіне короновирустық инфекция 1-2 жағдайдан тіркелуде. Бұл туралы Ұлытау облысының санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сырым Құрбанбеков брифингте баяндады.
9. Сенімен болашақ республикалық қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облыстық филиалы Ұлт рухының айнасы-Отаншылдық сезім тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Елі мен жері үшін аянбай қызмет ететін нағыз патриот, ұлтжанды жастарды тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс шара жайында келесі бейнесюжетте.
10. Ұлытау облысының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында Жезқазған қаласында 7 бағыт бойынша жаңа жобалар қолға алынды. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


