Жаңалықтар

БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДБИКЕЛЕР КҮНІ!

БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДБИКЕЛЕР КҮНІ!

Бүгін - Халықаралық медбикелер күні! Атаулы күнде – Жезқазған медициналық орталығында - Ақ халатты абзал жанды медбикелер қауымына құрмет көрсетіліп, салтанатты шара өтті...

Мебдике мамандығы – бүгінгі қоғамда аса сұранысқа ие мәртебелі әрі жауапты сала. Облыс орталығында өткен салтанатты шара облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Нысанбаевтың алғысөзімен ашылды.

«(Бүгінгі күн – медбикелер қауымының ерен еңбегіне алғыс айтып, оларға ерекше құрмет көрсететін күн! Біздің өңірде бұл салада 2000 ға жуық жан қызмет етуде. Қазір аймақта медицина қызметкерлерінің сапалы буынын даярлау бағытында бірқатар жұмыстары жүргізілуде. Аталған ретте Жезқазған жоғары медициналық колледжі ұжымына алғыс айтқым келеді. Медбикелер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!!!)»

— Рүстем Нысанбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Салтанатты жиын барысында мереке иелері - ведомстволық наградалармен, құрмет грамоталарымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Гиппократқа берген антына адал қызмет етіп, құрмет биігіне көтерілгендердің бірі – Мадина Әбілдина. Оның осы салада табан аудармастен тер төгіп жүргеніне 40 жылға жуықтаған.

Иә, адам жанының инженері атану – оңай іс емес! Тазалық пен тәртіпті, терең ілім мен ептілікті қажет ететін медбике мамандығының иелері - қандай да болсын құрметке лайық!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты