БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ

Жезқазғанда Халықаралық қарттар күніне арналған құрмет көрсету іс-шарасы өтті. «Қариясы бар ел- қазынасы бар ел» атты басқосуда ел дамуына еселі еңбек сіңірген ардагерлерге құрмет көрсетіліп, бірқатар сала маманы марапатталды.
Ғұмырын ел игілігіне арнаған аға буын үшін бұл күннің орны бөлек. Өйткені бүгінгі жетістіктің негізінде олардың маңдай тері, қажырлы еңбегі мен жылдар бойы жинаған мол тәжірибесі жатыр. Мерекелік жиынға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік сала, құқық қорғау және өзге де бағыттардың ардагерлері қатысып, оларға ізгі тілектер айтылды.
«1565 / Қадірлі аға-буын өкілдері, ардақты ағайын!Сіздерді 1 қазан қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің еңбектеріңіз қазіргі өскелең ұрпаққа келер болашақ жастарға үлкен үлгі. Абыройлы істеріңіз бізе үлкен жауапкершілік, үлкен міндет.Ортамызда аман-есен жүре беріңіздер!»
— Мұрат Бөрібаев, Жезқазған қаласының әкімі
Мерекелік іс-шара аясында ардагерлерге «Ардагерлер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің, облыс пен қала әкімдіктерінің Құрмет грамоталары мен алғысхаттары табысталды. Сондай-ақ облыстық Ардагерлер кеңесінің «Құрметті ардагер» төсбелгісі беріліп, «Әділет» партиясының облыстық филиалы атынан да бірқатар сала маманы марапатталды.
Марапатталғандардың қатарында денсаулық сақтау саласының ардагері Теңгеш Мұратова да бар. Ол қырық жылға жуық уақытын медицинаға арнап, халық денсаулығын сақтау саласында еңбек етті. Бүгінде тәжірибесін кейінгі буынға аманат етіп, жас мамандардың жұмысына сеніммен қарайды.
«1577 6шы звуктан: / Сіздерді мына үлкен мереке қарттар күнімен құттықтаймын.Сіздерге мол денсаулық,еліміз аман тиыштық болып, өмірде қызықты өмір сүре беріңіздер! Кезінде денсаулық сақтау қызметінде бар еңбегімізді салдық, қызмет жасадық. Үлкен ғұлама адамдармен, азаматтармен жұмыс жасадым. Қазіргі таңда жастарға жол бердік. Енді жастар әрі қарай қызмет жасап жатыр. Халықтың денсаулығын сақтау үшін бар жақсылықтарын, еңбектерін береді деп есептеймін»
— Теңгеш Мұратова, денсаулық сақтау саласының ардагері
Құрмет көрсету рәсімі концерттік бағдарламаға ұласты. Өңір өнерпаздары ардагерлерге ән арнап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ғұмырын елге қызмет етуге арнаған аға буын үшін бұл мерекелік іс-шара - еңбегіне көрсетілген құрмет пен ұрпақтан жеткен алғыстың белгісі болды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


