БҮГІН – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ

Бүгін – мемлекеттік қызметшілер күні! Атаулы күнде облыс орталығында сала өкілдеріне арналған салтанатты шара өтті...
Мемлекеттік қызметші – адам өміріне тікелей әсер етуге, маңызды мәселелерді шешуге және қоғамның дамуына қолайлы жағдай жасауға жәрдемші болатын мәртебелі мамандық. Олардың қабылдаған шешімдері елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайына тікелей әсер етеді. Салтанатты шараға жиналғандарды облыс әкімі Дастан Рыспеков құттықтап, сала майталмандарына «Мемлекеттік қызметтің ардагері» төсбелгісі мен Ұлытау облысының Құрмет грамоталарын табыс етті.
Бүгінде Ұлытау облысында 1600 ге жуық мемлекеттік қызметкер өңірдің өркендеуі жолында абыройлы еңбек етуде. Еткен еңбек пен төккен тердің лайықты дәрежеде бағаланып жатқандығына жауапкершілігі мол мамандық иелері ризашылықтарын жеткізді! Сондай-ақ осы жиында Мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Ел жанашырлары» облыстық спартакиадасының жүлдегерлері де марапатталды.
-(Біз жуырда мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиадада жүлделі екінші орынға ие болдық. Бұл – үлкен жетістік! Аталған спартакиада спорттың 8 түрі бойынша өтті. Мен өзім сол додада суда жүзу спорты бойынша алтын медалға қол жеткіздім.
Мемлекеттік қызметші болу – елге қызмет ету деген сөз! Барша әріптестерімді бүгінгі төл мерекемен құттықтаймын!) Шара соңында Мемлекеттік қызмет табалдырығын алғаш аттаған жас мамандар - Отанға адал болуға және мемлекет мүддесі үшін еңбек етіп, кәсіби қызмет көрсетуге салтанатты түрде Ант берді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


